Зейнетақы мен жәрдемақыны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады

Зейнетақы мен жәрдемақыны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады

Бүгіннен бастап Қазақстан тұрғындары «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінен ақша ала алады. Бұл туралы компания хабарлады.

«Қазпоштаның» барлық бөлімшелері, соның ішінде ауылдарда да жұмысты қайта бастайды. Зейнетақылар мен жәрдемақылар әзірге интернет байланысы жұмыс істеген уақытта берілетін болады.

Сондай-ақ банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру жұмыстары басталды. 10 қаңтардан бастап ақшаны пошта бөлімшелерінде де, банкоматтарда да алуға болады. Пошта жөнелтілімдерін қабылдау және өңдеу қайта басталып жатыр.

"Қазпошта" АҚ ақпараты бойынша