Интернетсіз автобустарда жолақыны қалай төлеуге болады

Интернетсіз автобустарда жолақыны қалай төлеуге болады

Тұрақты интернет байланысы болмаған кезде автобустарда жол жүру ақысын кондукторларға қолма-қол ақшамен төлеуге болады.

- 6 мың теңгеге сатып алған жалпы жол жүру билеттерін пайдаланушылар ONAY! картасын сәйкестендіру үшін автобус кондукторына ұсына отырып, оларды пайдалана алады;

- жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін атаулы әлеуметтік карта ұсынылған жағдайда төлем 0 теңгені құрайды;

- зейнеткерлер атаулы карталарын ұсына отырып, 50 теңге төлей алады;

- 7–15 жастағы балалар үшін төлем бұрынғысынша 40 теңге болып қалады;

- ересектер үшін – 80 теңге.

ONAY! карталары мен электрондық төлем жүйесінің жұмысы тұрақты интернет байланысы қалпына келтірілгеннен кейін жанданады.