
7-ші желтоқсанда 18.30-да «Шалқыма» концерт залында белгілі домбырашы Әбікен Хасеновтың туылғанына 125 толуына орай концерт өтеді.
Сахнада Тәттімбет атындағы академиялық оркестр, Жанғали Жүзбай, Полатхан Тәшімов, Мұхамеджан Тілеухан, Қайролла Сәдуақасов және республикалық байқаулардың лауреаты Ержан Базарбеков өнер көрсетеді. Бас дирижер және көркемдік жетекші Дүйсен Үкібай.
Әбікен Хасенов Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан домбырада ойнай бастаған. Арқаның танымал күйшілері Баубек, Әбди, Қыздарбекпен кездесуі Әбікеннің өміріне жақсы бағдар берген. Халық арасында оның есімі асқақтаған.
1934-ші жылы қазақтың ғұлама жазушысы және ақыны Сәкен Сейфуллиннің айтуымен Әбікен Хасенов Алматыға шақыртылған. Өмірінің соңына дейін Әбікен М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында еңбек еткен. 1945-ші жылы ол «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды және оған ҚазКСРО еңбек сіңірген әртісі атағы берілген.
Әбікен арқаның дәстүрлі күйлерін нақышына келтіріп орындай білген. Әбікеннің интерпретациясындағы шертпе-күй біздің мәдениетіміздің алтын қорына енген, олардың көбісі халық аспаптар оркестрлері мен жеке солистердің негізгі репертуарларына кіреді.