
«Одарёшка» атты жаңа балабақша Пришахтинскінің 23-ші ықшам ауданында МЖС бағдарламасы бойынша ашылды
Балабақша 360 орынға шақталған. Мұнда тұз шахтасы, құммен сурет салу бөлмесі, спорт және музыка залдары бар. Топтар балалар жиһазымен, тақырыптық ойыншықтар жиынтығымен және дидактикалық материалдармен жабдықталған.
- Бұрыңғы жылдары, кеңес заманында мұнда балабақша болған, - дейді «Одарешка» құрылтайшысы Гүлнәр Смайылова. – Соңыра ол жабылып қалды, ғимарат сатылып, қайта құрылған. Мұнда сауықтыру орталығы, сонан соң монша және бес пәтерге бөлінген тұрғын үй болған. Сонан соң ол банкте кепілде тұрғандықтан, саудаға салынған, мен оны сатып алдым. Бүгінгі таңда мұнда 320 бала тәрбиеленіп жатыр, балабақша толықтай жабдықталған.
Жаңа балабақшаға 2,5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Олармен кәсіби, білікті мамандар айналысады: орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде оқытады.
Балабақшаның ашылу салтанатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов болды.
- Бірінші Президент Күні мерекесі қарсаңында біз Пришахтинск үшін осындай тамаша сыйлық жасап отырмыз, - деді аймақ басшысы. – Мен мұнда жазда, әлі жөндеу жұмыстары жасалып жатқан кезде болып қайтқан едім. Сол кезде ашылуына келемін деп уәде берген болатынмын. Бірақ осындай тамаша әсем көріністі көремін деп ойламап едім... Біз қазір қала алдында тұрған маңызды мәселелерді шешіп жатырмыз. Келесі жылы балабақшаларға кезек болмайды. Тек осы жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жолымен келе жатқан кәсіпкерлердің арқасында 21 балабақша ашылды. Ол дегеніміз, мұндай жобалар бизнес үшін қызықты болып отыр дегенді білдіреді.
Ерлан Қошанов балабақшаға робототехника кабинетін сыйға тартты.
Айта кету керек, жаңа балабақша алдағы 20 жылға мемлекет қолдауына ие болады. Бүгінгі таңда қала орталығында, Оңтүстік-Шығыс, Пришахтинск және Сұрыптау станциясында балабақшаға кезек жоқ. Мектепке дейінгі жаңа мекемелер тек Майқұдықта тапшы.