Василий Левит Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Василий Левит Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Қарағандылық балалар үйлерінде «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Әлеуметтік жобаның ұйымдастырушысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі. Жетімдер үйіне қонаққа табысқа жеткен танымал қазақстандықтар келеді.
- Акцияның атауы «Біз біргеміз!» - бұл біздің болмысымыз, - дейді ҚХА Жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің әлеуметтік жобалар бойынша комиссияның жетекшісі Вида Грейчуте. – Бүгін біз жаңа Қазақстан құрудамыз, барлық салаларды, қоғамдық сананы жаңғыртып жатырмыз, түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп жатырмыз, адамдар арасындағы ойдан шығарылған шектеулерді жоюға тырысудамыз. Қазіргі кезде өкінішке орай, стереотиптік ой-сананың салдарынан көптеген жастар балалар үйінен үрейленеді, жетім балалармен қалай қарым-қатынас құру керектігін білмейді. Ал біз ол балалардың өте ашық, білімқұмар және жарқын мінезді екенін көрсеткіміз келеді.
Акцияны ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев – олимпиада жеңімпазы, Вэл Баркер Кубогының иегері бастады. Халықтың жақсы көретін спортшысы өзінің жетістіктерімен «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бөлісті. Серік Сәпиев эстафетаны боксшы, олимпиада жүлдегері Василий Левитке берді.
«Құлыншақ» балалар үйінің бүлдіршіндері сүйікті кейіпкерімен кездесуді тағатсыздана күтті. Залда спортпен шұғылданатын жәнеде алғашқы жетістіктері де бар ұлдар мен қыздар жиналды.
- Мен осындай кездесуді армандаған едім. Мен де спортшымын – бадминтонмен айналысамын. Жеңістерім мен марапаттарым да бар: медальдар, мақтау қағаздары, - дейді 11 жасар Максим Валиев.
Жас спортшының айтуынша, жеңіске жету үшін тынымсыз еңбек ету қажет. Азияның үш дүркін чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит те сондай пікірді ұстанады. «Табыс» сөзіне синоним ретінде ол «еңбек» сөзін жазды.
Василий Левит кішкентай кезінде милиционер болғысы келген екен.
- Өз арманымды сәл де болсын орындадым - Ұлттық гвардияда қызмет етемін, - деді ол.
Балалар қонаққа түрлі тақырыптарда сұрақтар қойды: хобби жайлы және ұнаған елдер туралы, жаттығулардан қалған жоқ па деп, сұлулық байқауындағы қазылық туралы да. Василий Левит балалармен қалжыңдасып та, барлық сұрақтарына шын жауап беріп те үлгерді.
Хобби – футбол. Шет елдерде аз болмаса да, көбіне тек әуежай, қонақ үй, ареналарды ғана көрдім деді. Нью-Йорк қаласы қатты ұнаған екен. Туған елі Қазақстанға оралу ол үшін әрдайым жағымды сезім сыйлайды.
Василийдің бірінші қызыққан спорт түрі – кикбоксинг болған екен. Онымен жеті жасында айналыса бастаған. Орта сыныптарда бокске көңіл бөле бастаған, және кейінірек бапкермен толықтай осы спорт түріне ауысуға бел буған.
- Әрине, балалық шағымда жаттығудан «қашып кетуді» ойлайтынмын, - деп шындығын айтты Левит. – Алайда өзіңді қолға алып, басты мақсатың туралы ойлайсың – бұл әлсіздік сәттеріне төтеп беруге күш береді. Жиналасың да, жаттығуға кетесің.
Олимпиада жүлдегері балаларға екі негізгі кеңес берді: үлкендерді тыңдау; қанша жерде ауырса да алған беттен таймай, ұятқа қалмау. Ол жеңістер мен жеңілістерден сабақ алуға шақырды.
Василий Левит балалар үйінде алғаш рет болып тұрған жоқ. Қайырымдылықта спортшы орташа деңгейді ұстанады.
- Менің ойымша барлығын үйлестіре білу керек, - деп ойлайды ол. – Мүмкін сыйлықтарды әрдайым сыйлау керек, рухани байлық пен әңгімелесіп, байланыс орнату да қажет.
Ең кішкентай тәрбиеленушілер қонаққа арнап ән айтып берді. Балалар естелікке боксшымен бірке суретке түсіп, одан автограф алды.
Акция жаласатын болады – Василий Левит эстафетаны актер Әнуар Нүрпейісовке берді.