Кеншілер мәдениет сарайы 65 жылдығын үлкен мерейтойлық концертпен атап өтпек

Кеншілер мәдениет сарайы 65 жылдығын үлкен мерейтойлық концертпен атап өтпек

Биылғы жылы қарағандылық Кеншілер мәдениет сарайына 65 жыл толады. Мерейтойға орай 3-ші желтоқсан 16.00-де КМС-да үлкен концерт өтеді.

Мерекелік кеште Ең үздік шығармашылық коллективтер өнер көрсетеді. Олардың қатарында – «Жұлдыз», «Көзкөргендер» және «Халықтық шахтер» ансамбльдер бар. Сонымен қатар «Алтын батыр» степ группасы, «Шабыт» және «Жас толқын» вокал топтары, халық композиторлар Клубы.
Арнайы шақыртылған қонақтар: Рамазан Стамғазиев, Иса Әлимұса және «Музарт Life» тобы.
Билет құны – 1500 теңге.
Кеншілер мәдениет сарайы (КМС) – Қарағанды символдарының бірі болып табылады. Оны 1940 жылы жергілікті сәулетшілер И. Беннер мен Я. Яноштың жобасы бойынша сала бастаған. Ұлы Отан соғысы басталғанда құрылыс уақытша тоқтатылды. 1950-ші жылдың соңында КМС-ның орталық бөлігі пайдалануға берілді. Ал 1952 жылы Сарай толығымен салынып бітті.