Қарағандыда «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді

Қарағандыда «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді

 Тұңғыш Президент Күніне орай 1-ші желтоқсан сағат 15.00 «Шалқыма» концерт залында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді. Кіру тегін.
Ансамбль құрамында 20 адам бар. Оның репертуарында негізінен көп орындала бермейтін халық әндері мен күйлері, жергілікті композиторлардың әндері бар. Ансамбль құрамындағы музыканттар шекті, үрмелі, соқпа және шертпелі: домбыра, шертер, сыбызғы, саз сырнай,асатаяқ,жетіген және басқада аспаптарда ойнайды.
Ансамбль Германия, Туркия, Франция,Кувейт елдерінің көрерменін таңқалдырып, таңдай қаққызған өнер ұжымы.