
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес 5-ші және 19 қаңтар аралығында Қарағанды облысында төтенше жағдай енгізілді.

Қарағанды облысының коменданты ретінде ішкі істер органдары мен өзге де құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті қоғамдық тәртіпті және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Облыстағы жағдай полицияның толық бақылауына алынды.
Осыған байланысты, Қарағанды облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жеке мүлікті сақтау және тонаудың алдын алу мақсатында Қарағанды облысында 23:00-ден бастап таңғы сағат 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді:
- қаланың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің күзеті күшейтіліп, қоғам қауіпсіздігі ерекше бақылауда;
- азаматтар мен көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды;
- жеке басты куәландыратын құжаттар мен көлік құралдарына, тасымалданушы жүктерге тексеру жүргізілуде;
- бейбіт жиналыстарды, спорттық және басқа да жаппай шараларды өткізуге тыйым салынады;
- төтенше жағдай кезінде қаланың қалыпты өмірін қамтамасыз ету үшін білім және денсаулық сақтау, сондай-ақ бизнес объектілерінің Жұмыс істеу ережелері әзірленуде.
Қала тұрғындарынан тыныштықты сақтап, дүрбелең мен арандатушылыққа ермеуді сұраймыз.
Төтенше жағдай кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз.
Заңға қайшы іс-әрекеттерге жол берілмейтінін ескертемін.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық көзделген.