К. Станиславский атындағы театрда «Музалар достастығы» жобасы іске қосылды

К. Станиславский атындағы театрда «Музалар достастығы» жобасы іске қосылды

 К.С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында көрермендер үшін қызықты шығармашылық тұлғалармен кездесулер өткізіледі.
«Музалар достастығы» жобасы суретші Ирина Денисованың көрмесімен ашылған болатын. Эстафета поэзия музасына ауысты. Өткен жұма күні, 24-ші қарашада, «Два часа счастья» спектаклінің алдында театрдың фойесінде поэтикалық кеш өтті. Өзінің өлеңдерін поэтесса Татьяна Ерёмина оқып берді.
Қарағандылық поэзия сүйер қауымға оның емісі жақсы таныс. Татьяна Ерёмина кәсібі бойынша – тау кен инженері. Аоғаш рет оның өлеңдері 1986-шы жылы жарық көрген – «Машиностроитель» зауыт газетінде. Ал қазір қарағандылық ақынның шығармалары жергілікті, қазақстандық, сонымен қатар мәскеулік жинақтарда жарияланған. 2004-ші жылы Татьяна Ерёминаның «Луна на Нуркена» атты өлеңдер жинағы шықты.
- Мен осындай кездесу алаңының пайда болғанына қуаныштымын. Бұл жақсы бастау, - деп алғысын білдірді театрға поэтесса.
Станиславский атындағы театрдың жетекшісі Дунай Еспаевтың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – көрермендермен барынша жақындасу.
- Біз көрермендермен біріге отырып, жаңа пьесалардың режиссерлік оқылымдарын өткізгіміз келеді. Мүмкін ол қазіргі заманғы драматургия болуы ықтимал, немесе белгілі бір шағын әңгімелер болуы да мүмкін, - деп бөлісті өз жоспарларымен директор. – Репертуарлық саясатты құру үшін біз көрермендердің сұранысын білуіміз керек. Біз қазіргі таңда театрға келуші жастардың қатары қалыңдап келе жатқанын көріп отырмыз. Ол аудиторияны жоғалтып алмауымыз қажет, керісінше, барлық күш-жігерімізді жас ұрпақты театр өнеріне баулуға тырысуымыз керек.