Қарағанды облысының тұрғындарын арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

Қарағанды облысының тұрғындарын арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

Қарағандылықтарды сабырлық танытуға, арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ филология факультетінің деканы Елдос Түйте:

– Еліміздегі оқиғалар бізді бей-жай қалдырмайды. Соңғы күндері біз халықтың толқуын көріп отырмыз және адамдар арандатушылардың құрбаны болмайды деп үміттенеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың пікірі мен олардың талаптарын тыңдады. Үкімет отставкаға кетті. Ел тұрғындарын, жастарды арандатушылыққа бой бермей, сабырлық танытуға шақырамын. Бірлік пен бейбітшілік – еліміздің басты құндылықтары.

Қайрат Кемалов, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері:

– Кеше болған оқиғалар бәрімізді мазалайтыны белгілі. Билік адамдардың талаптарына жауап беруде және шұғыл шаралар қабылдауда. Бірлік пен бейбітшілікті сақтау керек.