Жаңа жыл қарсаңында қарағандылықтар үшін мерекелік концерттер ұйымдастырылады

Жаңа жыл қарсаңында қарағандылықтар үшін мерекелік концерттер ұйымдастырылады

Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары үшін орталық саябақта мұз айдындары жұмыс істейтін болады. Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау тұрғындарын мерекелік концерттермен қуанады.

Теміржолшылар мәдениет сарайында "Тигромания-2022" жаңа жылдық бағдарламасы өтеді. Ол 22:00-де басталып, 00:00-ге дейін жалғасады.

"Молодежный" мәдениет үйінде "Қош келдің, Жаңа жыл!" мерекесі ұйымдастырылады, ол сағат 00:00-де басталады.

Жаңа Майқұдықтың Мәдениет үйі тұрғындарды "Жаңа жыл құтты болсын!" мерекелік бағдарламасымен қуантады. Ол 23:00-де басталады.

Орталық мәдениет және демалыс саябағының мұз айдындары тұрғындарға конькиді жалға беруге дайын. Сондай-ақ, қала тұрғындары өздерінің конькилерімен тегін бара алады.

Бірақ жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу болмайды.