
1-ші мамырда тойланатын Қазақстан халқының бірлігі күнінде қарағандыда мерекелік шеру өтеді. Қатысушылар 10.45-те Қарағанды политехникалық колледжінен бастап Бұқар Жырау даңғылы бойынша жүре бастайды.
12.00-де Орталық саябақтың жағалауында көрермендер театрландырылған қойылымды тамашалай алады. 12.30-да мұнда «Достық шаңырағы» атты облыстық этномәдениеттер фестивалі өтеді. Саябақта Этноауылдар пайда болады. Этномәдени бірлестіктер халық шеберлерінің туындыларын, тұрмыстық бұйымдар мен ұлттық тағамдарды ортаға салады. Фестивальге Абай ауданынан және Жезқазған, Саран, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 30-дан астам этномәдени бірлестіктердің 300-ден астам мүшелері қатысады.
15.00-де сахнада мерекелік концерт басталады, онда Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігі мен Кеншілер мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.