
Сұрыптау тұрғындары көліктерден жаңа жылдық сұлу ағашты жинады. Акцияны @sortirovka_official Instagram блогының иелері ұйымдастырды.

Импровизацияланған шырша жасау үшін 35 көлік қатысты. Олар шыршаның сұлбасын иммитациялап, шамдарын жақты. Автомобильдерден құралған жаңа жылдық ағашқа аспаннан қарасаңыз, ерекше әсерге бөленесіз.
«Сұрыптау саябағында бірнеше жылдан бері шырша жоқ, сондықтан жұбайымыз екеуміз қызықты бір нәрсе ойлап табуды жөн көрдік. Дайындыққа бір күн кетті. Қажетті аумақты таңдадық, оны дронмен шолып шықтық, сонан соң болашақ шыршаның схемасын құрып, қажетті көліктер санын санап шықтық. Танысьарымызға қоңырау шалып, Instagram-да жарияланым жаздық. Біз ешкімнен ақша сұрамадық, барлығы жеке жинақтардан», – деді мерекені ұйымдастырушылар.

Олар шара барысында тек көліктер шыршасымен ғана шектеліп қойған жоқ. Бұл ерекше мереке болды. Акцияны Аяз ата, аниматорлар мен тамада еріктілері қолдады. Жазылушылар отшашулар мен тәтті сыйлықтар сатып алды.
«Біз шыршаны үйден алып келдік, оны гирляндалармен безендірдік. Бұл жақсы фото аймақ болды. Конкурстар, ойындар, әндер мен билер болды. Балалар жаңа жылдық өлеңдер оқыды. Адамдар бұл шара туралы біздің @sortirovka_official парақшамыз арқылы білді және бір-біріне айтып, бұл бастама туралы хабарлама көпшілікке тарап кетті. Шын жүректен адамдардың көңіл күйін көтергіміз келді. Бұл қолымыздан келді деп үміттенеміз», – дейді ұйымдастырушылар.