Гуманитарлық ғылым саласындағы 100-ден астам занамауи оқулықтар ағылшын тілінен қазақ тіліне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылады. Бұл жинақтамаға саясаттану, әлеуметтану, философия, дінтану, көшбасшылық, даму және психология мәселелеріне арналған басылымдар енгізіледі. Бұл оқулықтар ЖОО кітапханаларына түседі. Басылымдардың электрондық нұсқалары барлық қызығушылық танытқандар үшін қолжетімді болады.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы туралы
- Бір жылда қанша оқулық аударылды?
Осы уақытқа дейін философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика пәндері бойынша 18 ЖОО оқулықтары аударылды.
- Неліктен тек гуманитарлық тақырыптағы оқулықтар ғана аударылды?
Біріншіден, гуманитарлық ғылымға деген басымдылық қоғамды жандандыру бағдарламасында негізге алынған. Нұрсұлтан Назарбаев оны ортаға сала отырып, «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз жылдар бойы бір ғана ілім мен әлемге деген бір ғана көзқараспен шектеліп қалды» деп атап айтқан болатын. Президент енді «бізге тек инженерлер мен медицина қызметкерлері ғана емес, қазіргі заман мен болашақты жақсы түсінетін адамдар қажет» дейді. Екіншіден, Қазақстанда нақты және іргелі ғылымдар бойынша оқулықтар біртіндеп бірнеше жылдар бойы аударылып келеді: индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде отандық ЖОО студенттері 400-500-ге жуық оқулықтар алды.
2018-ші жылы қанша кітап аударылады?
Биылғы жылы батыс философиясы тарихы, лингвистика, семиотика, жаңа педагогика, интернет психологиясы, халықаралық құқық, дипломатия, журналистика , өнер тарихы бойынша тағы 30 оқулық аудару жоспарланып отыр. Оған қоса, экономика және кәсіпкерлік бойынша алты аударылған оқулықтар (осыған дейін аударылған үш оқулықты санағанда) отандық бизнес-мектептерге қазақ тілінде МВА алу бағдарламасын құрып, іске қосуға мүмкіндік береді.
- Қазақ тіліндегі жаңа оқулықтар кең ауқым үшін қашан қолжетімді болады?
Алғашқы 18 оқулық 10 мың дана таралыммен баспаханалардан 2018-ші жылдың сәуірінің ортасында шығады. Көктем бойы олар тегін түрде Қазақстанның барлық мемлекеттік университеттеріне жіберіледі. Оқу жылы басталғанша ұстаздар жаңа оқу әдістемелерімен танысып шығып, 2018-ші жылдың қыркүйегінде оқу процесстерінде пайдалана бастайды. Оқулықтардың электронды нұсқалары Ұлттық аудару бюросының сайтында жарияланады, ол жерден кез-келген ниет білдіруші үшін қолжетімді болмақ.
- Ұлттық аударма бюросы барлық құқық иеленушілермен осындай талаптар бойынша келісім жасады ма?
Иә, бюро оқулықтарға құқықтары бар барлық авторлармен немесе баспалармен авторлық құқықты алу туралы келісімшартқа қол қойды. Басып шығаруға құқықты сатып алу немесе рұқсат алу, әрине, белгілі бір қаражатты қажет етті. Кейбір авторлар қомақты қаржы сұратты (($100 мың), ал кейбіреулері жай ғана гонорармен шектелді. Енді Ұлттық аударма бюросы Қазақстанға әлемге танымал оқулықтардың авторлары келеді деп үміттенуде, сондай-ақ қазақстандық ұстаздар жаңа құраммен жүмыс істей алуы үшін ол авторлардан әдістемелік материалдарды сұрастыруда.
Оқулықтар қандай критерийлер бойынша аударымға таңдалды?
Біріншіден, оқулық әлемнің жүздеген алдыңғы қатарлы университеттерінің бағдарламасында пайдаланылуы тиіс. Екіншіден, кітап үш реттен кем емес қайта басылып шығуы керек, жәнеде соңғы басылымнан соң үш жылдан кем емес уақыт өтуі тиіс. Үшіншіден, оқулық құрамы бойынша идеологиялық бейтараптылық талабына сай келуі керек. Төртіншіден, оқулық оның мультимедиялық құрамасы (мысалы, онлайн-кусртар) тарапынан қазіргі заманға сай келуі абзал. Бұл критерийлер бойынша жобаның басында ұстаздар мен профессорлардан келіп түскен 800 ұсыныстың арасынан жүзге жуығын таңдауға мүмкіндік туды.
Оқулықтарды аудару қалай жүзеге асырылды?
Ұлттық аударма бюросының өкілдері белгілі бір университеттің бейінді кафедрасына келіп, жобаны таныстыру шарасын өткізді, кітаптардың тізімін ұсынып, екі беттік аударма берді. Сынақ түріндегі аудармалардан соң ЖОО қызметкерлерң таңдап алынып, олар аудармаға жұмылдырылды. Олар нәтижесінде мәтіннің бірінші жобасын құрды. Сонан соң мәтін аудармаға қатысқан әріптес профессорлардың ғылыми зерттеулерінен өтті. Үшінші кезеңде мәтін лингвисттер мен әдебиеттанушыларсараптамасынан өтті. Осылайша, әрбір оқулық мамандармен бес-алты реттен артық оқылып шықты.
- Оқулықтар қай тілдерден қазақшаға аударылды?
18 аударылған кітаптардың 16-ы тұпнұсқасында ағылшын тілінде жазылған, біреуі – французша, тағы бірі- орыс тілінде. Оқулықтардың 40% жуығы білгілі бір түрде орыс тіліне аударылғанына қарамастан, Бюро оларды түпнұсқасынан аударуды ұсынды.
Біздің ЖОО-да қажетті деңгейде ағылшын тілін меңгерген ұстаздар соншалықты жеткізіксіз бе?
Ол пәнге байланысты. Философия, Әлеуметтану, психология және экономика бойынша кәсіби әдебиетті ағылшын тілінде оқи алатын мамандар жеткілікті, алайда гуманитарлық ғылым саласында одан адамдар аз кездесетін жайттар да бар. Сондықтан аударманың бірінші жобасында әдетте көп адам жұмыс атқарады. «Бірнеше адамды отырғызуға тура келеді: біреуі пәнді, екіншісі, ағылшын тілін, үшіншісі қазақ тілін жақсы біледі. Олар бір бірлеріне не туралы айтылып отырғанын түсіндіреді», - деді Vласть интернет журналына ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.
- Ал қазақ тілінде осыған дейін болмаған ғылыми терминдер туралы не айтасыз?
Глоссарий базасында 18 оқулықта қазақ тіліне аударуды талап ететін ғылыми түсініктемелердің 3 мыңнан астам дефинициялары болды. Олардың кейбірі осыған дейін отандық ғылымда пайдаланылған, кейбіріне қатысты жаңа аудармалар ойластыру керек болды, қалғандарын халықаралық тәжірибеде қалай қолданса, сол бетінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Айта кету керек, жобада жұмылдырылған мамандардың аударма еңбегі мамандандырылған онлайн-платформаларды пайдаланудың арқасында барлық интернет пайдаланушыларға арналған машиналық қазақ тілі аудармасы сапасын жақсарады.
- Жаңа оқулықтар ғылыми және лингвистикалықтан бөлек басқа да қоғамдық сараптамадан өтті ме?
Алматы мен Астанада екі конференция өтті, оған барлық қызықғушылық танытқан мамандар шақырылды. Ұлттық аударма бюросында сынаушылардан кез-келген ұсыныстарыды қабылдап, терминологияға, құрылым мен беру стиліне қатысты сауалдарға жауап беруге, оларды талқылауға дайын екендерін жеткізді. Бюро басшысы оқулықтардың қазақ тілді нұсқалары келешекте қайта басылып шығатынына үміттенетінін жеткізді.
- Елімізде оқулықтарды аударуды өз мойнына ала алатын ғылыми институттардың жұмыс істейтінін ескере отырып, ҮЕҰ құрудың қандай қажеттілігі туындады?
Президенттің бөлек үкіметтік емес ұйым құру бойынша тапсырмасы бейтараптылыққа ұмтылысымен түсіндіріледі, дейді Рауан Кенжеханұлы. «Лингвистерге де, ғалымдарға да тиесілі болмау үшін. Олардың барлығының басын біріктіру үшін, жәнеде үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, ғылыми аудармаға бәркелкі әдіс қолдану үшін платформа құру керек болды», - деп түсіндіреді ол. Оған қоса, іс жүзінде жаңа ҮЕҰ құрудың қажеті болмады: қазақ тілінде білімді танымал ету бағытында 2011-ші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан WikiBilim қоғамдық қоры жаңа атаумен аталып, қайта құрылды. Қордың штатында 40-қа жуық адам (көбісі редакторлар) жұмыс істейді, сонымен қатар 200 маман бюромен аутсорс бойынша жұмыс істейді.
- Бір кітапты аудару салық төлеушілер үшін қаншаға түспек?
Аударымның бір беті 7 мың теңгені құрайды: 3 мың теңге – аудармашы жұмысы, 1,5 мың – ғылыми редакторға, 1,5 мың – әдеби редакторға, қалғаны дизайн мен беттеуге тиесілі.
Мысалы, Карен Армстронгтың «Құдай тарихы: 4000 жыл иудаизм, христиан және мұсылмандықта ізденіс» атты кітабында 496 бет бар, ол дегеніміз аударманың бюджеті 3,5 млн теңгені құрады.
vlast.kz
100kitap.kz сайтында жарияланған