Станиславский атындағы театрдың маңында шие саяжолы пайда болды

Станиславский атындағы театрдың маңында шие саяжолы пайда болды

Қарағандыда К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры ғимаратының алдында 20 шие ағаштары отырғызылды. Антон Чеховтың комедиясы бойынша қойылған «Вишнёвый сад» спектаклінің премьерасы қарсаңында театр қызметкерлері саяжолдың негізін қалады.
- Біз бұрыннан бері театр бағын құруды жоспарлаған болатынбыз. Бүгін шие саяжолын жасап жатырмыз. 20 ағаш отырғызудамыз. Бұл акцияны елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына және театрдың жаңа қойылымы – «Вишнёвый сад» спектаклінің премьерасына арнап отырмыз, - деді К.С. Станиславский театрының жетекшісі Дунай Еспаев. – Менің ойымша, бұл көшеттерде біздің актерлер өздерінің бір бөлшегін қалдырады. Ағаштарды өзіміз күтеміз. Театр маңындағы аумақты әлі де көгалдандыруды жалғастыратын боламыз – тағы да ағаштар отырғызамыз.
Көшеттерді театр жұмыскерлері мен көрермендер өз саяжайларынан алып, сыйға тартты.
Ағаш отырғызуға театр басшылығы, ресейлік қоюшы режиссер Станислав Васильев және «Вишнёвый сад» спектаклінде ойнайтын актёрлер шықты.
Жер иеленуші Раневскаяның рөлін Галина Турчина сомдайды. Оның туған және өгей қыздары Аня мен Варяны Анна Суханова және Нина Круцевич орындайды. Ал Гаевтің бейнесін Александр Кашуро, Лопахиннің рөлін – Павел Абдюков пен Алексей Браилко (түрлі құрамдарда) сомдайды.
«Вишнёвый сад» комедиясының премьерасы 5-ші және 6-шы мамырда өтеді. Басталуы 17.00.