
Биылғы жылы облыс орталығында жалпы есептегенде 90 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделетін болады. Ол жайлы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлімдеді.
Орташа жөндеу жұмыстары қала орталығында, Оңтүстік-Шығыс, Узенка, Федоров, Михайлов, Пришахтинск және Майқұдық шағын аудандарында жасалады. Бірнеше жылдар бойы жөнделмеген, жәнеде әбден тозығы жеткен жолдар жөндеуден өтеді.
Пичугин, Складская, Бытова, Гудермесская, Бензинная, Костюшко көшелерінің жолдарындағы асфальттің жоғарғы қабаты ауыстырылады. Барлығы ол жерлерде 45,940 шақырым жолдар қамтылады.
Михайлов шағын ауданында 19,141 шақырым жол беті орташа жөндеуден өтеді. Мұнда Олимпийская, Арбатская, Буровая, Западная, Ломоносова, Охотская және тағы да басқа көшелердің жолдары қалыпқа келтіріледі.
Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы кейбір көшелердегі өтпе жолдар мен аула ішіндегі жолдардың 11,603 шақырым асфальтті ауыстырылады.
Пришахтинскіде үшінші қазандық, Мелитопольск және Пирогова көшелері жөнделеді. Жалпы есептегенде 3,45 шақырым асфальт қалпына келтіріледі.
Узенкада Библиотечная және Лиза Чайкина көшелері жөнделеді. Федоров ауданында бірінші маршрут бойынша автомобиль жолы қалыпқа келтіріледі.
Орташа жөндеу сонымен қатар Майқұдықта 2,5 шақырым жолда жасалады, оның ішінде «Көгілдір тоған» ықшам ауданындағы аула аралық жолдар да бар.
- Қазір біз Майқұдықтың Магнитогорская көшесін «Көгілдір тоғаннан» және Карл Маркс көшесінен бастап, «Кольцевая» аялдамасына дейін күрделі жөндеуден өткізу ірі жобасымен жұмыс істеудеміз. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттард әзірленіп жатыр. Біз толығымен асфальтты ауыстырып, кейбір жол айрықтарын қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз. Жұмыстар 2019-шы жылы басталады, - деді Нұрлан Әубәкіров.
2016 және 2017 жылдарда Қарағандыда қалалық және облыстық бюджет есебінен жалпы сомасы 10,5 миллиард теңгені құраған 141 шақырым жолдар жөнделген. Ақаулар 98 учаскенің 8-де анықталған. Шұңқырлар мен асфальттың опырылуын мамандар 28 мың шаршы метр аумақта тіркеген. Қарағанды қаласы әкімінің сөзінше, ол жаңартылған асфальттың жалпы көлемінен екі пайыз ғана. Дегенмен, жөндеу учаскелерінде жол жабыны сапасыз болып шыққан мердігерлер ол ақауларды өз есебінен қайта жөндеуде.
2018-ші жылы орташа жөндеу жасалатын жолдардың толық тізімі:
Қала
Б.Жырау даңғылы Волочаевск көшесінен Гончарная көшесіне дейін
Төлепов көшесі Бейбітшілік гүлзарынан бастап Н. Әбдіров даңғылына дейін
Әлиханов көшесі Гоголь көшесінен Төлепов көшесіне дейін
Складская көшесі Бұқар Жырау даңғылынан бастап Гоголь көшесіне дейін
Бытовая көшесі Асфальтная көшесінен Б.Жырау даңғылына дейін
Жамбыл көшесі (Бұқар Жырау даңғылынан Пичугин көшесіне дейін)
Гудермесская көшесі Стартовый тұйық көшесінен Республика даңғылына дейін
Пичугин көшесі (Ерубаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін, оның ішінде Бакинская көшесі де бар 190-шы үйден 234-ші үйге дейін)
Терешков көшесі (Ленин көшесінен Төлепов көшесіне дейін)
Бакинская көшесі (Жамбыл көшесінен Гоголь көшесіне дейін) Новоселов көшесіне шыға бере
Солнечная көшесі (Төлепов көшесінен Пригородная көшесіне дейін)
Телевизионная көшесі (1-ші үйден Шевцова көшесіне дейін)
Аманжолов көшесі Сеченов көшесінен Волгодонская көшесіне дейін және Волгодонская көшесінен Тюленина көшесіне дейін
Утренний өтпесі (Поспелов көшесінен Б.Хмельницкий көшесіне дейін)
Б.Хмельницкий көшесі (Ленин көшесінен Сеченовкөшесіне дейін)
Б.Хмельницкий көшесінен Утренний өткелінің 3а үйіне дейінгі өткел
3.Космодемьянская көшесі Сәтпаев көшесінен Пичугин көшесіне дейін
Курмангазы көшесі Панорамная көшесінің 9-шы үйінен бастап Космонавттар әжне Резник көшесіне дейін
Костюшкокөшесі (Авиаторов көшесінен Панорамная көшесіне дейін)
Бензинная көшесі (Авиаторов көшесінен Панорамная көшесіне дейін)
Добровольный тұйық көшесі (Камская көшесінен Районная көшесіне дейін)
Театральная көшесі (Бейбітшілік гүлзарынан Театральная көшесінің 1-ші үйіне дейін)
Шакирова көшесі (Бейбітшілік гүлзарынан Волгодонская көшесіне дейін)
Костенко көшесі (Бейбітшілік гүлзарынан Жамбыл көшесіне дейін)
Бұқар Жырау мен Костенко көшесіне дейінгі өткел (№1 гимназия маңайы)
Штурманская көшесі (Стартовый тұйық көшесінен Штурманская көшесінің 3-ші үйіне дейін)
Пугачев көшесі
Пригородная көшесіндегі жекеменшік сетор бойымен қатарласқан өткел
Пригородная көшесінен З.Космодемьянская көшесіне дейінгі өткел
Бұқар Жырау даңғылынан №92 мектепке дейінгі орам аралық автомобиль жолы
Қарабас көшесі Қарабас көшесінің 4-ші үйінен Монтажная көшесіне дейін
Гудермесская көшесі (Космонавттар көшесіне 7-ші магистральге дейін)
Терешков көшесі (7-ші магистральге дейін Мустафин көшесіне дейін)
Стартовый тұйық көшесі (7-ші магистральден Штурманская көшесіне дейін)
Мельничная көшесі (Гоголь көшесінен Мельничная көшесінің 57-ші үйіне дейін, оның ішінде Космонавттар көшесіне шығарберісті қамтиды)
Б.Жырау даңғылынан бастап Б.Жырау даңғылы 5-ші үйге дейінгі өткел ("Абзал" СҮ маңайы)
Гоголь көшесінен Ерубаев көшесіне дейінгі өткен, Н.Әбдіров даңғылана шығар жолмен (Нұрмақов атындағы мектептің маңынан өтетін аумақ)
Петровская көшесі
Михайловка:
Олимпийская көшесі Московская көшесінен Лескова көшесіне дейін
Арбатская көшесі Заводская көшесінен С.Сейфуллин даңғылына дейін
Казахстанская көшесі (Степной көшесінен Бадина көшесіне дейін)
Потемкина көшесі (Бадина көшесінен Степная көшесіне дейін)
Челябинская көшесі (Олимпийская көшесінен Коммунальная көшесінің 20 үйіне дейін)
Крылов көшесі С.Сейфуллин даңғылынан Прогресса көшесіне дейін, Крылов көшесі мен Кривогуза көшелерінің кірме жол арасында (32а үйінен 29/2, 38 уйінен 35/1, 58 үйінен 57/2 үйіне дейін)
Западная көшесі (Прогресса көшесінен Новонижняя көшесіне дейін)
Буровая көшесі (Степная көшесінен Защитная көшесіне дейін)
Рылеева тұйық көшесі
Грибоедова көшесі (Защитная көшесінен Коцюбинский көшесіне дейін, Бадин көшесінен Грибоедова көшесіндегі 4 уйге дейін)
Седова көшесі (Жәнібеков көшесінен Бадин көшесіне дейін)
Ломоносова көшесі (Бадин көшесінен Степная көшесіне дейін)
Дубовская көшесі Степная көшесінен ТЖ екінші кірме жолына дейін Шахтинск шоссесінің бойында (зиратқа барар жолды қоса алғанда )
Охотская көшесі Кривогуза көшесінен Степная көшесіне дейін
Жәнібеков көшесі (С.Сейфуллин даңғылынан Прогресса көшесіне дейін), Степная көшесіне шығу учаскесін қоса алғанда
Оңтүстік – Шығыс
Сатыбалдин көшесі Шахтерлер даңғылынан Құрылысшылар даңғылына дейін
Бөкетов көшесінің орам арасындағы кірме жол (Тәттімбет көшесіне шығуымен)
Степной-1 шағын ауданы (№5/3 үйінен Еркетай балабақшасына дейін)
Зональная көшесі Бұқар жырау даңғылынан Вавилова көшесіне дейін, Тургенев көшесіндегі учаскені қоса алғанда
Орбита шағын ауданының орам аралық жолы
16- шы бағыт бойындағы автөлік жолы
Мұқанова көшесі (Құрылысшылар даңғылынан Республика даңғылына дейін)
Б.Момышулы көшесінен Тәттімбет көшесінің жеке сектор арқылы автокөлік жол
Майқұдық
Магнитогорская көшесінен Қазақстанның 50 жылдығы көшесіне дейінгі өткел11 «а» ықшам ацданы арқылы
«Көгілдір тоғаг» №8 үйінің орам ішіндегі жолдар
Көгілдір тоған ықшам ауданын айналып өтетін жол (К.Маркс көшесінен 12/2 үйіне дейін)
Пришахтинск
3-ші қазандық көшесі (Зелинский көшесінен Широкая көшесіне дейін)
Мелитопольская көшесі (Кемеровская көшесінен Луночарский көшесіне дейін)
Пирогова көшесі 21-ші ықшам ауданнан 3-ші қазандық көшесіне дейінгі айналып өтетін автожол
Узенка
Библиотечная көшесі
Л.Чайкина көшесі т/ж өткелінен Библиотечная көшесіне дейін
Узенка
1-ші маршрут бойынша автомобиль жолы