Қарағандылық оқушылар зерттеулік жобаларын ұсынды

Қарағандылық оқушылар зерттеулік жобаларын ұсынды

Қарағандыда «Алғырлар - 2018» үздік зерттеулік жобалардың VІІІ қалалық фестивалі өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енді. Іріктеу кезеңіне білім беру мекемелерінің 67 өкілі қатысты. Ақтық сайысқа түрлі пән ұстаздары мен оқушылар жасаған 32 зерттеулік жобалар шықты. Жұмыстардың тақырыптары әртүрлі: оқушылар экологияны жақсарту, энергия үнемдеу, туризмді дамыту және т.б. бойынша идеялар ұсынды. Жобаларды таныстыру және қорғау секциялар бойынша өтті: «Математика, физика», «Информатика, экономика», «Тариx, этномәдениет», «Экология, биология, химия», «Өлкетану», «Тіл тану».
Фестивальге қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

Фото kargoo.gov.kz