
Республикалық «Көктем-2018» командалық-штабтық оқулар Қарағанды облысында наурыздың 5-і мен 6-ы күндері өеді. Мақсаты - көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға дайындық.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше оқу барысында облыстық, қалалық және аудандық ТЖ бойынша комиссияның жиыны өтеді. шара барысында сирена қосу, теле- және радиоарналарды ұстап қалу жоспарналып отыр.
5-ші наурызда Бұқар Жырау ауданының Чкалов ауылының маңында апаттық-құтқару қызметтері мен құрамаларының дайындығына шолу жасау көзделіп отыр. Нұра өзенінде мұз жарылып, содан соң өзенді қайықпен кешу оқу эвакуациясы өткізіліп, адамдарды судан құтқарып алып шығу шаралары жүргізіледі.
Оқу жаттығулары көктемгі су асқынына дайындықтың тиімділігін арттырады. Хараландыру және байланыс жүйесінің дайындығы тексеріледі, сондай-ақ ТЖ және эвакуациялық шараларды жою кезіндегі іс-әрекеттер нақтыланады.