
Қарағанды орталығында жарнамалық тумбалар мен билбордтарда Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың портреттерін көруге болады. Осылайша қала тұрғындарының назарын классикалық әдебиет пен тарихқа аудару бастамасын "OomDo" жарнамалық агенттігінің жетекшісі Асқар Қарашолақов жүзеге асырған екен.
Келешекте қала көшелерінде басқа да тарихи қайраткерлердің портреттері мен Гёте, Лермонтов және Абайдың өлең шумақтары жазылған жарнамалық тақталар пайда болады.
- Бұл тәрбиелік мәні бар іс-әрекет, - дейді Асқар Қарашолақов. - Бала билбордтаға суретті көріп, "Мына ағай кім? Мен оның ескеркішін көрдім, неліктен?" деп сұрауы әбден мүмкін. Сол кезде ересектер Абайдың кім екенін, оның шығармалары туралы айтып береді. Бұл әрекеттер баланың әдебиет пен тарихөа деген қызығушылығын тудырады.
Кәсіпкер оның таңдауы Гётенің "Тау шыңдары" деген туындысына түскенін айтады. себебі дәл осы еңбекті Михаил Лермонтов орыс тіліне, ал Абай қазақ тіліне аударған болатын. Алдағы уақытта қарағандылықтар бұл уындыны жарнамалық билбордтардан оқуы әбден мүмкін.
Бір портретті орналастыру шашамен 35 мың теңгені қажет етеді дейді кәсіпкер. алдағы уақытта олардың орнына қайтадан жарнама ілінуі мүмкін. Алайда Асқар Қарашолақовта жарнамалық құрылымдарды қалайша тиімді пайдалану туралы иедялар бар: "Саяхаттап жүргенде, басқа қалаларда осындай құрылымдарды басқаша пайдаланатынына назар аударамын. Маған мысалы, жарнамалық билбордтарға балаларға арналған әткеншектер мен қоқыс жәшіктерін орнататыны өте ұнайды".
Әткеншегі бар жарнамалық құрылысты Қытай еліндегі Шеньчжень қаласынан көруге болады. Ал әлемге әйгілі IBM компаниясы өз өнімдерін жарнамалау кезінде пайдалы іс-әрекет жасауды ұйғарған - жарнамалық банерлер орындық, жаңбыр немесе күннен қорғайтын қалқанша, тіпті шағын пандус ретінде де жасалған.
Асқар Қарашолақовтың айтуынша, қазір ол және оның компаниясының қызметкерлері бұл идеяларды жүзеге асыруды ойластырып жатыр екен. Осы жазда жарнама бағаналарында балаларға арналған әткеншектер пайда болуы мүмкін. «OomDo» фирмасы Бейбітшілік гүлзары, Ленин және Ерубаев көшелеріндегі жарнамалық құрылыстарға ие.