
Қарағанды облысының әкімдігінде аймақтың инвестициялық климатын жақсарту және инвестицияларды жұмылдыру бойынша Кеңестің отырысы өтті. Онда алдағы екі жылда жүзеге асырылады деп жоспарланған жобалар ұсынылды.
- Бұл Кеңестің төртінші отырысы. Аталмыш орган инвесторларды қолдау, жобаларды жүзеге асыруда кездесетін проблемалық мәселелерді шешу үшін құрылған, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Кеңестің үшінші отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов мәлімдеді.
Сонан соң инвестициялық жобалар таныстырылды.
Теміртауда «LindeGasKazakhstan» ЖШС ауаны бөлгіш құрылғының екінші кезегін салу» жобасы жүзеге асырылады.
- Біздің өндіріс іс жүзінде жұмыс істеп тұр. Бірінші блок 2013-ші жылы қолданысқа енгізілген болатын. Біз сұйық газ ірздес түрде оттек, азот және аргон өндіреміз. Негізгі клиентіміз "АрселорМиттал Теміртау" АҚ. өнім негізінен ішкі нарыққа барады жәнеде жақын шет елдерге экспортталады: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдеріне, - деді жобаның жетекшісі Руслан Филиппов. - Қазіргі таңда өндірісті кеңейту бойынша жаңа жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Екінші блокты іске қосу 2019-шы жылдың соңына жоспарланып отыр.
Оның айтуынша, инвестициялар шамамен 70 млн евроны құрайды. қазіргі күні жобалық-смеалық құжатты жасау жұмыстары аяқталуға жақын, ол соңыра мемлкеттік сараптамаға жіберілеін болады.
Облыс әкімінің орынбасары инвестор билік тарапынан қажетті көмек алатынын айтты.
- Бұл біз үшін өте маңызды жоба, - деді Алмас Айдаров. - Linde тобы әлемдегі ең ірі техникалық газ тасымалдаушылардың бірі болып табылады. компанияның кеңеюге және инвестиция құюға деген ниеттері - өте маңызды қадам. жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақтар туындаған болатын - қазір олар шешімін тапты. Қазір ең бастысы - рұқсат рәсімдерін барынша жылдам өту.
Сондай-ақ отырыс барысында жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын «ForeverFourshingCo. Ltd.» ЖШС метал еріту зауытының құрылысы" жобасы ұсынылды. Жаңа зауыт Қарағандыда қытайлық серіктестердің көмегімен салынып жатыр. ол -ші жылдың күзінде іске қосылады деп жоспарлануда. жаң өндіріс орны 200 жұмыс орнын ұсынады.
Облыс орталығында жүзеге асырылатын тағы бір жоба автокөліктерді сату және сервистік қызметке қатысты. Ірі заманауи автоорталық салынады деп жоспарлануда, онда «BMW» «Subaru» «Hyundai» маркалы автокөліктер сатылып, оларға қызмет көрсетілетін болады. Құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жобаның бастамасышы «EurasiamotorsKaraganda» ЖШС. Автоорталықтың бірінші корпусының құрылысы 2019-шы жылдың күзінде аяқталады, ал жалпы жоба 2023-ші жылға дейін шақталған.