Биылғы жылы Октябрь ауданында аулалар мен саяжайлар абаттандырылады

Биылғы жылы Октябрь ауданында аулалар мен саяжайлар абаттандырылады

Осы жылы Қарағандының Октябрь ауданында 50 аула абаттандырылады. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәтпек Әбдіқалықов мәлімдеді.

Майқұдықта 27 аула, Пришаxтинскіде - 16, Сұрыптау станциясында - 7 аула қалыпқа келтіріледі. Онда кіреберіс жолдар жаңадан асфальтталып, қоқыс жәшіктері, орындықтар, жарық бағаналары орнатылады және тас жол жиектер жасалады.
Сонымен қатар Октябрь ауданында Арxитектурная көшесі және Мануильский көшесі бойындағы 2 саябақты абаттандыру жоспарланып отыр. Жәнеде Көгілдір тоған ықшам ауданында, № 4 емxана маңындағы, №74 мектеп алдындағы, Бабушкин, Архитектурная, Майлин, Магнитогорская, Луначарский, Кемеровский және Достық көшелеріндегі шағын саябақтар қалыпқа келтіріледі.
Гүл бақтарында жаяу жүргіншілер жолдары жасалып, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарық бағаналары орнатылатын болады, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Сәтпек Әбліқалықов мәлімдегендей, 2018-ші жылы Октябрь ауданында жалпы көлемі 9 мың текше метрді құрайтын ретсіз шашылған қоқыс үйінділері тазартылатын болады.

2018 жылы абаттандырылатын аулалардың тізімі.


Октябрь ауданы


Майқұдық (27 аула аймағы):

Восток-5 ш/а, 2, 3, 4, 5, 6, 7-үйлер;
К. Маркс көш. 3;
К. Маркс көш. 7;
Восток-1 ш/а, 13, 14, 15, 16-үйлер;
1-ші орам, 2, 6-үйлер;
2-ші орам, 26,30,32-үйлер;
18 ш/а, 11, 12, 13, 14-үйлер;
Күзембаев көш. 35, 37, 81, 83;
11-ші орам, 10, 13, 14, 15-үйлер;
Магнитогорская көш. 2, 11-ші орам, 7-үй;
Архитектурная көш. 2, 4;
Белинский көш. 39, 41, 43, 45, 47, 49, 51, 91;
Белинский көш. 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19;
Белинский көш. 21, 23, 25, 27, 29, 31, 33, 35, 37;
16 ш/а, 21, 23, 26-үйлер;
16 ш/а, 12, 18-үйлер;
17 ш/а, 44, 45, 46-үйлер;
15 ш/а, 26, 28, 30-үйлер;
15 ш/а, 1, 2-үйлер;
15 ш/а, 20, 22, 37-үйлер;
12 ш/а, 15, 17, 19, 25-үйлер;
12 ш/а, 2, 4, 6, 8, 10, 12-үйлер;
12 ш/а, 29, 37а-үйлер;
13 ш/а, 17, 18, 19, 20, 21, 22-үйлер;
14 ш/а, 1, 3, 5, 7, 9, 11, 17, 19-үйлер;
14 ш/а, 37, 39-үйлер;
14 ш/а, 40, 42, 44-үйлер.

Пришахтинск (16 аула аумағы):

21 ш/а, 6/7, 8, 9, 10, 11-үйлер;
21 ш/а, 1, 2/3, 4, 5-үйлер;
22 ш/а, 28, 30, 31, 35-үйлер;
22 ш/а, 32, 33, 34, 36-үйлер;
22 ш/а, 17, 27/61, 24, 18-үйлер;
23 ш/а, 2, 3, 4, 1-үйлер;
Зелинский көш. 28/2;
Зелинский көш. 6, 8, 10, Сводная көш. 7;
Зелинский көш. 9, 9а, 11 ,13, Восточная көш. 12, 14;
Зелинский көш. 2, 4, 6, Сводная көш. 2, 3;
Металлистер көш. 26, 26/2, 26/3, 26/4;
Зелинский көш. 15, 17, 19, 21, Восточная көш. 18, 22, 24;
Методическая көш. 4, 6;
Методическая көш. 9, 11, 16;
Методическая көш. 10, 12, 14, 8;
Методическая көш. 15, 24, 18, 20, 22.

Сұрыптау (7 аула аумағы):

Жекібаев көш. 145, 147;
Жекібаев көш. 148, Локомотивная көш. 157, 159;
Жекібаев көш. 144;
Локомотивная көш. 145;
Локомотивная көш. 155/2;
Мәметова көш. 131, 133;
Гайдар көш. 10, Достық көш. 124, Мануильский көш. 12, Жеңіс көш. 117, 119.