Қарағандының жетімдер үйінде тәрбиеленушілерді аспаздық шеберлікке үйрету үшін ас үйі жабдықталды

Қарағандының жетімдер үйінде тәрбиеленушілерді аспаздық шеберлікке үйрету үшін ас үйі жабдықталды

Қарағанды қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Балалар үйінің тәрбиеленушілері Алғыс күніне қарсы сыйлық алды. Мұнда балаларды аспаздық шеберлікке баулуға арналаған асxана-шеберxана ашылды. Әлеуметтік жоба "Reach" қоғамдық қоры филиалының бастамасымен жүзеге асырылды. Жиһаз бен ас үй жабдықтарын демеушілер - "Recycling Company" кәсіпорны сатып алып берді.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері өз беттерінше ас әзірлеуді үйренетін болады. Мейрамxаналардан білікті аспаздарды шақыртып, шеберлік-сыныптарын жүргізу жоспарланып отыр.
Облысымызда бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері жаттығуға арналған осымен екінші алаң. Біріншісі осыдан екі ай бұрын Осакаров ауданындағы Литвинов атындағы мектеп-интернатта ашылған болатын.
Осылайша балалар үйінің тәрбиеленушілерін үлкен өмір жолына дайындау көзделіп отыр. Жобаның мақсаты - әлеуметтік бейімдеу және кәсіби бағыт беру болып табылады.
Тренингтік алаңның ашылу салтанатына балалар үйінің Қамқоршылық кеңесі мен волонтёрлер қатысты. Қонақтарға балалар концерт әзірледі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде 170 тәрбиеленушілер тұрып жатыр, оның ішінде 50-ден астамы жетімдер. Қызығушылықтарына қарай бүлдіршіндер көңіліне жаққан үйірмелерді таңдай алады - 29 үйірме мен секциялар жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарда марапаттарға ие болады.