
Абай қаласының Жұмыспен қамту орталығы жаңа жұмыс форматына көшті. Енді келушілер өтінім тапсыру үшін, жұмысқа тұруға жолдама алуға немесе бос жұмыс орындарын қарау үшін анағұрлым аз уақыт жұмсайды.
Ол электрондық кезектің пайда болуының арқасында мүмкін болып отыр. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, азаматтарды қабылдау жылдамырақ өтуде.
- Сонымен қатар келушілердің жайлылығы үшін жөндеу жұмыстары жасалған, ақпараттық стендтер пайда болды. Біз орталығымыздың жұмысы мен көрсететін қызмет түрлері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратамыз. Оларды орталықтың ішінде де, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде де, медициналық мекемелерде де алуға болады, - деді кеңесші Индира Сұлтанова.
Абай қаласының жұмыспен қамту орталығында өтінім рәсімдеуге және жаңа формат бойынша мақсатты әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша кеңес алуға болады. күн сайын мұнда орташа есептегенде, 30 адам келеді. Сонымен қатар мамандар ауылдық округтердің әкімдіктеріне барып, кесте бойынша қабылдаулар жүргізеді.