
Абай қаласында жүзу бассейні ашылды. Алдағы уақытта ол толық қуаттылығымен жұмыс істей бастайды.
Ашылу салтанатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Абайдағы жаңа спорт нысанының пайда болуына ат салысқан жандарға алғысын білдірді.
- Абайдың бұрыңғы әкімі ретінде, мен бұл нысанның құрылыс алды тарихымен жақсы таныспын. Жобалық-сметалық құжаттама 2014-ші жылы құрылған болатын, алайда қаржыландырудың жетіспеушілігінің салдарынан құрылыс уақытша тоқтатылды. 2017-ші жылы аталмыш құрылыс қайта жандандырылып, міне, енді аудан орталығында осындай тамаша бассейн пайда болды, деді Серік Шайдаров.
Жаңа бассейннің ұзындығы - 25 метр, бір уақытта онда 48 адам жүзе алады. Ғимаратта сонымен қатар жаттығу және би залдары бар, массаж кабинеті жұмыс істейді. Қазіргі таңда жұмысқа 25 қызметкер қабылданған, жақын уақытта шататты толықыру жоспарланып отыр, сол кезде кешн толық қуаттылығымен жұмыс істей бастайды.
- Бұл бассейннің құрылысына облыстық және аудандық бюджеттен 430 миллион еңге жұмсалды. Абонемент бағасы қазірден бастап есептеліп қойды - бір келу 550 теңгені құрайды. Ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Спорт секцияларына қатысатындар үшін бассейнге келу тегін болады, - деп түсіндірді Абай ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Мағзин.
Жаңа ғимараттағы кейбір залдарды жеке және командалық жаттығулар үшін жалға беру мүмкіндігі де қарастырылуда.
Осыған дейін абайлық спортшыларға бассейнде жүзу үшін Қарағанды немесе Саранға бару керек болатын. Енді ондай қажеттілік жоқ. 2018-ші жылыАбайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Оның ашылуы 2019-шы жылға жоспарланып отыр.