11 жасар қарағандылық Бангкоке өтетін үстел теннисі бойынша Hopes Week азиялық жарысына қатысады

11 жасар қарағандылық Бангкоке өтетін үстел теннисі бойынша Hopes Week азиялық жарысына қатысады

Қарағандылық 11 жасар Алан Құрманғалиев үстел теннисі бойынша азиялық Hopes Week-ке қатысуға шақырту алды. Халықаралық турнир Бангкокта наурыздың 5-нен 12-не дейін өтеді.

Оқу-жаттығу жиынында және турнирде континенттің ең үздің 16 жас спортшылары бақ таластырады.
Алан Құрманғалиев Халықаралық үстел теннисі Федерациясының (ITTF) мамандарының назарын өзіне Тегеранда қаңтар айында аударған болатын. Онда жас қарағандылық «Hopes Week»-тің Орталық-Азия аймақтық іріктеу турнирінде өнер көрсеткен еді. Оның қарсыластары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран және Ауғаныстаннан келген спортшылар болды.
Алан өз жас мөлшері бойынша Қазақстанның абсолютті чемпионы. Өткен жылы ол бұл мәртебені Алматы қаласында өткен 2006-шы жылы туылған және одан жас спортшылар арасындағы үстел теннисі бойынша ел чемпионатында жеңіп алды. Жерлесіміз төрт алын медаль иегері атанды - командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда.

Hopes Week дегеніміз не? ITTF үнемі түрде дүнижүзі бойынша дарынды балаларды анықтап, оларды әрі қарай қолдау мақсатында жұмыстар атқарып отырады. «Regional Hopes Week & Challenge» аймақтық іріктеу сайыстарында жеңімпаздар анықталып, бір жыл бойы олар өз ұстаздарымен бірге ITTF есебінен 12 беделді турнирлерге және барлық халықаралық бірлескен жиындарға қатысады.

Алан Құрманғалиев - үстел теннисі бойынша Қарағанды мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің тәрбиеленушісі. .