Қарағандылық оқушылар үш өлшемді модельдеу бойынша Халықаралық байқауға қатысады

Қарағандылық оқушылар үш өлшемді модельдеу бойынша Халықаралық байқауға қатысады

Қарағанды облысының мектеп оқушылары үш өлшемдік модельдеу бойынша инженерлік шеберліктерін көрсете білді. Байқау "Болашақ инженерлері" облыстық жобасының шеңберінде өткізілді. Ұйымдастырушылар ретінде Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен «СИНЕРГИЯ» (SYNERGY) ғылыми-білім беру қоры болды.
Байқау екі номинация бойынша өтті: "Модельдеу" және "Автомодельдеу". Екі кезең болды - сырттай және жүзбе-жүз.
Сырттай кезеңге облыстың 72 мектебінен 130 оқушының жұмыстары тапсырылды. Қазылар алқасы 30 үздік жобалар іріктеліп, олардың авторлары ақтық сайыста өзара бәсекелесті.
Байқаудың жүзбе-жүз кезеңі С.Сәттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің базасында өткізілді. "Модельдеу" номинациясында түрлі деңгейдегі үш тапсырма орындау керек болды. "Автомодельдеу" номинациясында авторлар мультимедиялық таныстыру материалы мен автомодель әзірледі.
Екі номинацияда да Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің өкілдері жеңіске жетті: Роман Матросов («Модельдеу») және Никита Астахов («Автомодельдеу»). "Модельдеу" номинациясында үш екінші және үш үшінші орындар тағайындалды.
Облыстық байқау нәтижелері бойынша үздік 10 жұмыс үш өлшемді модельдеу бойынша Халықаралық байқауға жіберілетін болады. Ол сайыс Санкт-Петербургте көктемгі демалыс кезінде өтеді.