
Қарағандыда санитарлық дәрігерлер базарлар мен сауда үйлерінде рейдтер өткізуде. Сатушылар мен сатып алушыларға А гепатитінің алдын алу туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды. Осындай рейдтердің бірі «Шығыс» базарында өтті.
- Біз насихат-түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз, гигиена ережелері туралы, ауру қаупін қалай төмендетуге болатыны туралы айтамыз, - дейді Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің азық-түлік нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Күзембаева.
Мамандар көкөкністер мен жемістердің сақталу шарттарына баса назар аударды. Олар қоймаларды аралап шығып, ереже бұзу деректерін анықтамаған: тауар салынған жәшіктер тәртіпке сай түпқоймаларға қойылған, барлық көкөкністер қаптарға салынған.
- Біздің базарда күнделікті түрде сауда нүктелерінің тазалығы, сатушылардың алжапқыштарының бары және тауардың сапасы тексеріліп отырады. Сонымен қатар аумақта көкөкністер мен жемістерде нитраттар мен басқа да зиянды қоспалардың бар жоғын анықтау үшін үлгі алатын зертхана жұмыс істейді, - «Шығыс» базарының санитарлық инспекторы Сергей Шульц.
Мұнда сонымен қатар күнделікті фито-санитарлық бақылау жүргізіледі. Мамандар базардың аумағына кіретін барлық жүк машиналарын тексереді. Егер тауарға сәйкесінше қажетті құжаттар болмаса, оны сатуға тыйым салынады.
Айта кету керек, өткен жылы бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес, санитарлық дәрігерлер жоспарлы түрде базарлар мен сауда нүктелері, 50 орыннан аз сыйымдылығы бар қоғамдық тамақтану орындарын тексере алмайтынын атап өткен жөн. Тексерісті олар тек жоспардан тыс, тұтынушылардан шағым түскен жағдайда, қоғамдық денсаулыққа қауіп төнген жағдайда ғана өткізе алады. Осылайша, 2017-ші жылы департаментке қарағанды облысыынң тұрғындарынан базарлара мен дүкендердегі өнімдердің сапасына 10 шағым келіп түскен. Оның алтауында дәрігерлер адамдардың денсаулығына қауіп мүмкіндігін көріп, тексеріске шыққан.