Қарағандыда кәсіпкерлер үшін балабақшаларға бизнес-тур ұйымдастырылды

Қарағандыда кәсіпкерлер үшін балабақшаларға бизнес-тур ұйымдастырылды

Қарағандыда облыстық іскер әйелдер кеңесі аймақтық мектепке дейінгі білі қауымдастығымен бірігіп Сәтпаев, Жезқазған және Абай қалаларының кәсіпкерлері үшін бизнес-тур ұйымдастырды.

Ол үшін екі түрлі типтегі балабақшаларға бару жоспарланды. Кәсіпкерлерді «Дарында бала» жекеменшік балабақшасы мен «Одарешка» типтік балабақша қабылдады. Жетекшілер қонақтарға мекмепке дейінгі мекемені ашу процессі туралы айтып берді.
- санитарлық нормалардың барлық ережелерін сақтау қажет, мектепке дейінгі білімнің мемлекеттік стандарттарымен танысу керек, жәнеде өзіңнің инвестициялық әлеуетіңді бағалай білген, сәйкес ғимарат таба алу, және міндетті түрде барлық техникалық жұмыстарды орындау керек, - деп түсіндірді «Дарында бала» жекеменшік балабақшасының дирпекторы Айнагүл Хамитова. – Өз басымнан өткен тәжірибеге сүйене отырып айтарым, мемлекеттік тапсырыссыз балабақшаларға жұмыс істеу өте қиын. Егер сіздерде ондай мүмкіндік болмаса, кеңесшілер көмегіне жүгінген немесе дайын франшиза алған жөн.
Бизнес-турмен қоса кәсіпкерлер үшін балабақшаларға арналған салық төлеу, несие алу және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.