Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы ашылды

Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы ашылды

Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Ол Майқұдық тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Жаңа қосалқы станцияның ауданы 1 300 шаршы метрден асады. Негізгі ғимаратта диспетчерлік бөлме, қызметкерлердің демалыс бөлмелері орналасқан, сондай-ақ жедел жәрдем машиналарын жөндеуге арналған ангар мен гараждар көзделген. Жаңа ғимаратта 146 адам, 11 бригада жұмыс істейді. Олар жылына 25-тен 50 мыңға дейін қоңырау қабылдай алады.

– Бүгін бізде жақсы оқиға – біз жаңа қосалқы станция ғимаратына көшудеміз. Бұған дейін ол Гвардейская көшесіндегі ескі ғимаратта болған, – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Зулфикар Әбілқасымов. – Қосалқы станция типтік, барлық стандарттарға сәйкес келеді. Қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған: жайлы демалыс бөлмелері, автожуу, жөндеу цехтары, ұсақ жөндеуге арналған жабдықтар. Сондай-ақ, облыс әкімдігі біздің қосалқы станцияға пациенттерді тасымалдау үшін төрт автомобиль сыйға тартты.

Айта кету керек, қазіргі уақытта болашақта Пришахтинск және Сұрыптау тұрғындарына қызмет көрсететін тағы бір қосалқы станцияның құрылысы аяқталуда.