Қарағанды облысының ТЖД-де көктемгі су тасқынына дайындалуда

Қарағанды облысының ТЖД-де көктемгі су тасқынына дайындалуда

Қарағанды облысының ТЖД-де көктемгі су тасқындарына дайындалып жатыр. Ол жайлы Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ыбраһим Күлшімбаев Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- Көктемгі су тасқынына дайындық қызіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Жәнеде ол облыс әкімдігі мен ТЖ бойынша департаменттің ерекше бақылауында. 2020-шы жылға дейін Қарағанды облысы аумағында тасқын судан қорғау бойынша кешендік жоспар құрылды, - дейді Ыбраһим Күлшімбаев. – Сонымен қатар өткен жылы «Көктемгі су тасқынына дайындық бойынша жол картасы» бекітілген. Онда 105 шара жоспарланған, олырдың барлығы орындалып жатыр.
Қарағанды облысының ТЖД бастығының айтуынша 2017-ші жылы су тасқынын еріген қар суының 2015-ші жылмен салыстырғанда анағұрлым көбірек болғанына қарамастан, бақылауда ұстауға мүмкіндік болды. Тасқын су өаупі бар аудандарда қорғау бөгеттері салынып, өзен жағалаулары нығайтылды.
- Садовое және Чкалов ауылдарында ұзындығы 3 шақырым және биіктігі 7 метрді құраған қорғау бөгеті салынды, - деп атап өтті Ыбраһим Күлшімбаев.
ТЖД мәліметінше, өткен жылы су тасқыны кезінде ТЖ аумақтарынан уақытында 2000 эвакуацияланды. Барлығы облыс бойынша апаттық-құтқару және жедел жұмыстар барысында 3000-нан астам адам, 1000-ға жуық техника, ту сорғылау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Бірікке күш пен шапшаң әрекеттердің арқасында төтенше жағдайлар уақытында жойылып отырды.
- Бізді жүзу құралдары, көлік және жабдықтар жеткілікті көлемде бар. Мүмкіндігінше жыл сайын қажетті техника сатып алынады. Бұл мақсаттарға биылғы жылы да 250 млн теңге бөлінді, - дедйі Ыбраһым Күлшімбаев.
ТЖД-де су тасқыны кезінде қайғылы оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады. Көктемгі қардың тез еруі кезінде және мұз жүргенде өзеннің төмен жағалауында тоқтауға болмайды. Сонымен қатар өзендер мен су қоймаларына жақын орналасқан саяжайларға барудан бас тарту, балаларға өзен, су бөгеттері, терең орлар мен құдықтардың маңында ойнауға тиым салу керек. Балықшыларға бұл кезеңде су толығымен басылғанша балық аулаудан бас тартқан жөн. Малды биік алқаптарда баққан абзал.