Қарағанды хайуанаттар бағы бейне конкурс жариялайды

Қарағанды хайуанаттар бағы бейне конкурс жариялайды

Қысқы мектеп демалыстарын пайдалы өткізу үшін Қарағанды хайуанаттар бағы Instagram-да балалар арасындағы ең жақсы бейне байқауын өткізуді шешті. Қатысушылардың басты міндеті – "Мен өз демалысымды қалай өткіземін!" деген тақырыпта бейне түсірулері тиіс.

Тағы бірнеше шарттар бар. Instagram желісіндегі хайуанаттар бағының парақшасына жазылуыңыз керек. Бейнені жүктеу кезінде @krgzoo-ны атап өту керек.

Қатысушылардың жасы 7-ден 14 жасқа дейін бооуы тиіс.

Жеңімпаз хайуанаттар бағына бару үшін жылдық жазылым мен сыйлық алады. Ал ол қандай сыйлық болатынын ұйымдастырушылар құпия ұстап отыр. 

Байқау қорытындысы 10 қаңтарда шығарылады.