
Қарағанды облысында 2018-ші жылдың 25-ші наурызында босаған орындарға мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.
Облыстық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше 9 депутат сайлау керек болады. Екі мандат облыстық мәслихатта босады. Сонымен қатар Жезқазған, Теміртау, Саран, Шахтинск, Приозерск қалаларының және Ұлытау аудандық мәслихатында депутаттар шығып кетті.
Депутаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын доғарудың негізгі себебі: тұрғылықты жерінен көшу. Кейбір халық қалаулылары мемлекеттік қызметке ауысқан. Және бір жағдайда депутат сот шешімімен жауапкершілікке тартылған.
Үміткерлерді ұсыну 25-ші қаңтарда басталып, 25-ші ақпанға дейін бір ай жалғасады.