Қарағандылық үш конькимен жүгірушілер Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысады

Қарағандылық үш конькимен жүгірушілер Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысады

Қарағандыдан үш конькимен жүгізушілер Қазақстан құрамасына еніп, Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайтын болады. Ол Екатерина Айдова, Станислав Палкин және Артем Крикунов.
Екатерина Айдова 500 метр қашықтықта (18 ақпан), 1000 метр (14 ақпан), 1500 метр дистанцияда (12 ақпанда) өнер көрсетеді.
Станислав Палкин - 1000 м (23 ақпанда), 1500 м (қосалқы, 13 ақпанда).
Артем Крикунов - 500 м (19 ақпанда).
Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасында мәлімдегендей, қазір біздің спортшыларымыз Жапонияда жиында, Оғтүстік Кореяға олар ертең ұшады.
Олимпиадада конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар ақпанның 10-нан 24-не дейін Каннындағы Олимпиада доғалында өтеді. Барлығы конькимен жүгірушілер арасында 14 жиынтық марапаттары ойнатылады. 2014-ші жылы Сочиде өткен Ойындармен салыстырғанда бағдарламаға әйелдер мен ерлдер арасындағы жаппай мәре жарысы қосылған. Алғаш рет Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру спорты бойынша 27 елдің өкілдері сайысқа түседі. Алдыңғы рекорд 1998ші жылы Наганода өткен Ойындарда, 10 марапат жиынтығына 25 елдің спортшылары бақ таластырғанда орнатылған болатын.

Екатерина Айдова Қарағандыда 1991-ші жылы 30-шы шілдеде дүниеге келген. Конькимен жүгіру спортының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Юниорлар арасында Әлем Кубогының жеңімпазы, Ванкувер мен Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы, Азия чемпионы, Алматы қаласында өткен XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері.

Станислав Палкин 1996-шы жылы 4-ші тамызда Қарағанды қаласында туған. . Конькимен жүгіру спортының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Минскіде, Колальбо (Италия), Варшавада өткен Әлем Кубогының жеңімпазы және жүлдегері, Польша мен Қытайда өткен юниорлар арасындағы Әлем чемпионатының, Наганодағы Әлем кубогының жүлдегері, Саппородағы Қысқы Азия ойындарына қатысушы.

Артем Крикунов 1996-шы жылы 7-ші қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген. Конькимен жүгіру бойынша ҚР халықаралық дәрежелі спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Закопанедегі (Польша) юриорлар арасындағы Әлем Кубогының жеңімпазы, Варшавада өткен жылжам жүгіріс бойынша Әлем чемпионатына, Берлиндегі Әлем Кубогының кезеңіне, юниорлар арасындағы Әлем Кубогының және Қытайдағы юниорлар арасындағы Әлем Чемпионатына, Наганодағы Әлем кубогының кезеңіне, Саппородағы Қысқы Азия Ойындарына қатысушы.
XXIII Қысқы Олимпиадалық ойындар ақпанның 9-нан 25-не дейін Корея Республикасының Пхёнчхане қаласында өтеді. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше Қазақстанды 9 спорт түрі бойынша өнер көрсететін 46 спортшы таныстыратын болады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 9-шы ақпанда Астана уақыты бойынша 17.00-де басталады. Біздің елдің туын шорт-трек бойынша сайысқа түсетін Абзал Ажғалиев көтереді, ол сонымен қатар Пхёнчханде Қазақстанның олимпиадалық құрамасының капитаны болып тағайындалды.