Биылғы жылы «RoboLand» фестивалі Қарағандыда 30-31 наурызда өтеді

Биылғы жылы «RoboLand» фестивалі Қарағандыда 30-31 наурызда өтеді

«RoboLand-2018» IV Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі қарағандылық «Жастар» спорт кешенінде 30-31 наурызда өтеді.

Фестиваль шеңберінде түрлі номинациялар бойынша жарыстар, робототехникалық өнімдердің көрмесі, семинарлар мен оқыту курстары, тұсаукесерлер мен шеберлік-сыныптар өтеді.
Сонымен қатар шығармашылық ұжымдардың, роботтар шоуы және көрермендерге арналған жарыстар өтеді деп жоспарлануда.
Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің іскерлік бағдарламасы биылғы жылы айтарлықтай жаңартылды. Оған көптеген танымал мамандар қатысады: робототехника бойынша кітаптардың авторы Виктор Петин, Ресейдегі үздік Lego STEM-педагог Юлия Понятовская, Коломнадан келетін информатика және математика пәндерінің мұғалімі, «Режейдің жыл мұғалімі» Антон Лагутин, мәскеулік «Кулибин-центр» директоры Светлана Шиповская және басқа да осы саланың мамандары мен жетекшілері. Сандық білім беру саласындағы бұл әйгілі тұлғалардың әрбірі білім мекемелерінде семинарлар немесе шеберлік-сыныптар өткізеді. Қарағандыда олар Ардуиномен айналысатын жоғарғы сынып оқушыларымен, информатика пәнінің мұғалімдерімен, ЖОО студенттері және ұстаздарымен, қосымша білім педагогтарымен және директорларымен, Саран қаласында – бастауыш сынып мұғалімдерімен, Теміртауда – математика пәнінің мұғалімдерімен кездеседі. Фестивальдің ашылуы алдында «Білімнің сандық трансформациясы: болашақ құзіреті» деген атаймен дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған әлемнің түрлі елдерінен 200-ге жуық маман қатысады.
Фестиваль шеңберінде «VEX», «Tetrix», «Лунная одиссея» білімдік шешім, «Планета STEAM» Lego Education робототехника тұсаукесерлері өтеді.