Қарағанды облысының аула клубтары арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының аула клубтары арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы аула клубтары арасындағы үздік әлеуметтік жобалар байқауының қорытындысын шығарды. Оған Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Шахан кентінің клубтары қатысты.

Байқау Zoom платформасында әлеуметтік жобаларды қорғау түрінде өтті. Барлық қатысушылар клубтардың проблемалары және оларды шешу жолдары туралы айтып берді. Арнайы комиссия бес жеңімпазды таңдады. Олардың әрқайсысы 300 мың теңгенің сертификатын алды.

Қарағандылық Жанат Сейтахмет "Заманауи өнер аукционын өткізу" жобасымен жеңіске жетті. Сәтбаев қаласының тұрғыны Мира Төлешева өз клубы үшін шахмат жиынтықтары мен футбол жабдықтарын сатып алу қажеттілігін негіздеді. Саят Балмағанбетов туған қаласында тағы бір аула клубы қажет деп шешті. Ол Жезқазғандағы Jau Zhurek клубының жобасын ұсынып, жеңіске жетті. Шаханнан келген Стефанида Пьяных аула клубтарының ең кішкентай қатысушылары үшін ойын бөлмесі қажет екенін дәлелдеді. Ал жезқазғандық Береке Отыншин "Белбеу күрес клубының тәрбиеленушілері үшін спорттық құрал-жабдық сатып алу" жобасын қорғады.

– Байқау – аула клубтарын дамытуға жақсы мүмкіндік, – дейді Project Five клубының жетекшісі Жанат Сейтахмет. – Менің жобам халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Олардың көпшілігі сурет салғанды ұнатады. Менде аукцион өткізу идеясы пайда болды, онда балалардың суреттері қойылады. Біз жас суретшілерге жұмыс үшін барлық қажетті материалдарды ұсынамыз. Менің ойымша, бұл қызықты болады.