
Қарағанды облысы ТЖ департаменті даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Олар жай ғана сыйлықтар табыс етумен шектеліп қойған жоқ. Қонаққа өрт сөндірушілер мен құтқарушылар толық жауынгерлік киім-кешекпен келді. Олар балаларға өз мамандықтары туралы айтып, жабдықтарын көрсетті және зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Балалар құтқару киімін киіп көрді, қауіпсіздік туралы сұрақтарына жауап алды және осы мықты және батыл адамдардың жұмысына қызығушылық танытты. Ең белсенділері кәдесыйлар алды.
ТЖ департаменті балалар үйі кітапханасының қорына кітаптар сыйлағаны балалар үшін тосын сый болды.
Тәтті сыйлықтар да болды.

"Жаңа жыл – сиқырлы мереке. Бұл уақытта балалар ғажайып күтеді және ертегіге сенеді. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға өз махаббатымыздың бір бөлігін сыйлау, жылдың басты мерекесін одан да бақытты және мейірімді ету біздің қолымызда", – деп атап өтті құтқарушылар.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша