
Қарағанды облысында «Гиппократ» Медициналық фирмасы» ЖШС сенімді басқаруға екі емхананы алды: Қарағандының №2 емханасы мен Теміртау қаласының №2 емханасы. Денсаулық сақтау нысандары бәсекелестік ортаға жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде берілді.
Келешекте сатып алу құқығы бар сенімді басқаруға беру бойынша сауда 2017-ші жылдың 29-шы қыркүйегінде өтті. Келісімшарттар 2017-ші жылдың 13-ші қазанында орнатылды. Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданында 3-ші Кочегарка көшесінде орналасқан №2 емхананың мүліктік кешенінің құны 911 млн 852 мың теңгені құрады. Теміртау қаласы Дмитрова көшесі, 53/3 мекенжайы бойынша орналасқан емхана қымбатырақ болды – 1 млрд 281 млн 705 мың теңге. Келешекте төлем жүргізу үшін бөліп төлеу құқығы қарастырылған.
Барлық міндеттер орындалған жағдайда бес жылдан соң компания денсаулық сақтау мекемесінің меншік иесі бола алады. Талаптар бойынша толық ақпарат келесі сайтта келтірілген gosreestr.kz
.
Басты шарт – медициналық нысанның қызмет бағытын сол қалпы сақтап қалу. Медициналық қызметтер құзіретті органмен бекітілген медициналық қызмет тарификаторларына сәйкес көрсетілуі тиіс. Компания емделушілерге кепілденген мемлекеттік тегін мдициналық көмекті толық көлемде көрсетуге міндетті.
Бекітілген мерзім бойы сенімді басқарушының қызметі қадағаланып отыратын болады. Қажетті ақпарат талап етілген бетте ұсынылып отыруы тиіс. Сонымен қатар нысанды басқару тиімділігінің мониторингі өткізіліп отырады.
Сенімді басқарушы тек жұмыс орындарын сақтап қалып қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің біліктілігін арттырумен да айналысулары қажет. Сонымен бірге инвестор ғимараттың жөндеуіне және материалдық-техникалық жабдықтауға қаражат салып отыруы міндетті.
Сатып алынуы тиіс медициналық жабдықтар мен медициналық техникалардың нақты тізімі келісілген. Қарағандылық емхана үшін ол 12 атау: бейнегастрофиброскон, сандық медициналық маммографиялық жүйе, сараптамалық сыныптағы ультрадыбыстық зерттеу және тағы басқалары. Келушілерге арналған лифт орнату қажет. Теміртаулық емханада жаңартуды талап ететін медициналық жабдықтар көбірек – 20 атау. Сонымен қатар екі қызметтік көліктер сатыл алу керек. Инвестор облыстағы денсаулық сақтау саласындағы жұмыс істейтін жергілікті автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдануға міндетті.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев осыған дейін бәсекелестік ортаға екі емхананы беру туралы шешімге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Ведомство басшысы таңдау жасаудың себептері мен мемлекетке одан түсер тиімділікті түсіндірген болатын.