
Аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан 185 бала, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар Қарағанды техникалық университетінің AQNIET картасы мен "Жас Орда" ЖҚ жастар қайырымдылық ұйымының жаңа жылдық сыйлықтарын алды.

– Жаңа жыл – ең ардақты армандардың орындалатын уақыты. Осындай ұранмен біз жыл сайынғы "Аяз Атаға хат" қайырымдылық акциясын өткізіп, 185 балаға сиқыр сыйладық. Ол үшін бала Аяз Атаға хат жазу керек, онда өзінің арманы мен жыл бойы өзін қалай ұстағаны туралы айтып беру керек, – дейді "Жас Орда" жастар қауымдастығының төрағасы Ілияс Смайылов. – Акция балалардың әлеуметтік мекемелерінен, көп балалы, тұрмысы нашар және мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды қамтыды. Бір ай ішінде AQNIET МБҰ еріктілері хаттар жинады. Көптеген балалар ата-аналарына көмектескендерін, тәртіпті болғандарын жазды.

Нәтижесінде Қарағандыдан және Доскей мен Көктас ауылдарынан 180-нен астам хат жиналды.

Еріктілер қатары қызметкерлер, студенттер, түлектер және басшылық, AQNIET экс-еріктілерінен құралды, сондай-ақ Қарағанды тұрғындары сатып алған сыйлықтар жинағын ұйымдастырды.

– Балалардың тілектері әр түрлі болды: жұмсақ ойыншықтардан, сөйлейтін қуыршақтардан және оқу ойындарынан бастап қысқы жылы курткалар мен аяқ киімдерге дейін. Акция барысында еріктілер ертегі кейіпкерлеріне айналды. Аяз Ата мен Ақшақар әр балаға өзінің қалаған сыйлығымен келді. Балалар мен олардың ата-аналарының шынайы күлкілері, қуаныштан шыққан көз жасы – үлкен бақыт және волонтерлер үшін ең үздік жаңа жылдық сыйлық. Біздің акцияға қатысқанымыз үшін әрбір бей-жай қарамайтын адамға алғыс айтамыз, – деді Ілияс Смайылов.