
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүрген қарағандылықтарды 2018-ші жылға арналған тегін кәсіби қайта даярлау курстарына жазылуға шақырады. Оқу курстары келесі мамандықтар бойынша болады: тігінші, бухгалтер, жүргізуші, тәрбиеші (тәрбиешінің көмекшісі), маникюр бойынша шебер, аспаз, кондитер, токарь, ағылшын тілі, компьютерлік білім алу және тағы да басқалары.
Қайта даярлау оқуы кезінде 16759 теңге көлемінде стипендия төленеді. Курсқа жазыламын деп ниет білдірушілер жұмыссыздар санатында болып, білім туралы құжаты болуы тиіс.
Тегін қайта оқытуға қаысты сұрақтармен келесі мекенжайға бару керек: Бұқар Жырау даңғылы, 51/4, 4-ші қабат, 409-шы кабинет, байланыс телефоны: 996-403.
Жұмыс уақыты дүйсенбі - жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
"Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" сонымен қатар жас азаматтарға "Жастар тәжірибесі" бағыты бойынша жұмысқа тұру мүмкіндігін ұсынады.
Бұл бағдарлама бойынша 2016-шы, 2017-ші жылдары жоғары және орта білім беретін оқу мекемелерінің түлегі атанғандар жұмысқа орналаса алады.
Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша келесі мекенжайға бару керек: Бұқар Жырау даңғылы, 51/4, 4-ші қабат, 409-шы кабинет, байланыс телефоны: 996-403. Жұмыс уақыты дүйсенбі - жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.