
1 қаңтардан бастап Қазақстанда МӘМС-ке төлемдер көбейеді. Жұмыс берушілер үйреншікті екі пайыздың орнына жұмыскерлері үшін олардың жалақысының үш пайызынан аударатын болады, бірақ төлемдер айына 18 мың теңгеден аспауы тиіс.
МӘМС-дағы төлемдер мөлшерінің ұлғаюы ең төменгі жалақының (ЕТЖ)және айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты. Жұмыскерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет ететін жұмыскерлер, өз табысының 2 пайызын төлейді, бірақ төлемдер айына 12 мың теңгеден аспауы тиіс.
Жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар – ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге төлеуі тиіс.
Келесі жылы бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы келесідей болады:
- қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
- ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ЕТЖ-нің 5 пайызын немесе 3 мың теңге аударуы тиіс.
Бұл ретте жаңа жылдан бастап мемлекет бұрынғысынша азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар үшін төлейтін болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда мұндай санатқа жататын 11 миллионнан астам адам бар. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.
МӘМС қорының Қарағанды облыстық филиалының ақпараты бойынша