
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы және оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін e-Salyq Business мобильді қосымшасы қолжетімді болады.
Қосымшаның функционалы ЖК ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыруға, қосымшада есептелген, оның ішінде қызметкерлер бойынша салық міндеттемелерін төлеуге мүмкіндік береді. Салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылатын болады.
Бұдан басқа, қосымшада берешекті қарау және өтеу, мемлекеттік кіріс органдарының хабарламаларын алу, сондай-ақ ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату бойынша сервистер қолжетімді.
Қосымша Play Market және App Gallery-де қол жетімді.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасы бойынша