
Балқаш қаласының әкімдігі "Адам және жануар" қоғамдық бірлестігіне иттерге арналған баспана салу үшін жер телімін бөліп берді. Көктемде бұл жерде иесіз иттерге арналған торлы орындар пайда болады. Қазіргі таңда қоғамдық бірлестіктің қарауында 85 жануар бар. Бірлестікті азық-түлік және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қала тұрғындары көметесуде. Еріктілер бұрыннан бері билік өкілдерінен жануарлар панасын салуға жер бөлуді өтінген болатын.
«Қоғамдық бірлестікке ветеринарлық зертxана жанынан аумағы 0,3 га құрайтын жер телімі бөлінді. Еріктілер күшіктер мен ересек иттерге арналған 16 вольер салуды, ветеринарлық клиника ашуды және жануарлар панасын шарбақпен қоршауды жоспарлап отыр», - деп мәлімдеді Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала бюджетінен 2018-ші жылы иттер мен мысықтарды залалсыздандыруға 450 мың теңге бөлінген. Бұл қаражат 100 жануарға жетеді.