Қарағандыда 15 пән бойынша Республикалық мектеп олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Қарағандыда 15 пән бойынша Республикалық мектеп олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Қаңтардың басында Қарағандыда 15 жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық мектеп олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Зияткерлік сайыстың ұйымдастырушылары - Қарағанды облысының Білім басқармасы және "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы.
Биылғы жылы олимпиаданың облыстық кезеңіне 9-11 сыныптардың 555 оқушысы қатысты. Олардың білімін облыстың алдыңғы қатарлы ЖОО-ның: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарМУ-нің ғылым докторлары, доценттер мен ғылым кандидаттары саралады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды. 1-ші орын алған оқушылар аймағымыздың намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады.
Қарағанды облысының командасы 10 жыл қатарынан "Үздік олимпиадалық команда" атағын иеленіп келеді деп мәлімдеді Білім басқармасының баспасөз қызметі.