Қарағанды және Саран қалаларында үздік қар мүсіндер таңдалды

Қарағанды және Саран қалаларында үздік қар мүсіндер таңдалды

Мектеп оқушыларының демалысы кезінде қарағандылық "Шахтер" стадионы "Жаңа жылдық қиял" атты аққалалар байқауын өткізді. Қатысушылар тек қардан ғана емес, сонымен бірге басқа да материалдардан жасалған 20 мүсінді ұсынды. 6-шы қаңтарда байқау ұйымдасырушылары қорытынды жасап, жеңімпаздарды жариялады.
- Қатысушылар өз жұмыстарының суреттерін электронды поштаға жіберді. Қазілар алқасы "Барыс" балалар-жасөспірімдер клубының ауласында соғылған аққаланы үздік деп тапты. Балалар мен ересектер сонымен бірге ол жерде нағыз ердегі қалашығын салған екен, - дейді "Шахтер" стадионының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Гүлмира Шегенова.
"Барыс" балалар-жасөспірімдер клубы Қарағанды қаласының 15-ші ықшам ауданының 18-ші үйінің ауласында орналасқан.
Байқау жеңімпаздарына "Шахтер" стадионының мұз айдынына тегін баруға арналған абонемент сыйға тартылды.
Ал Саран қаласының тұрғындары болса, "Қысқы ертегі" қалашығында қар мүсіндерін салған. Ең үздік мүсіндердің авторлары көрсеткен қиялы мен шығармашылығы үшін, жәнеде өз қаласына деген ықыласы үшін сыйлықтармен марапатталды.
Қазылар алқасы бірінші орынды "Хаски" композициясына берді. Бұл мүсінді №6 жалпы білім беру мектебінің командасы жасаған. Ал екінші орынды Балалар-жастар орталығы мен №1 және №3 өнер мектептерінің құрама командасы "Қоян" мүшінін жасағаны үшін жеңіп алды. Үшінші орын "Дама из Амстердама" қар мүсінін қалап шыққан Огриневичтер отбасына тағайындалды.
Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Оспановжеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табыс етті.

Фото karaganda-akimat.gov.kz және «Саран газетiнен» алынған