
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне 46 жасар белорустік маман Владимир Журавель тағайындалды. Клубтың директоры 31 жасар Әлібек Урузғалиев болды.
Команданың жаңа тәлімгері мен атқарушы директорын 8-ші қаңтар, дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Наталья Сухорукова таныстырды.
Владимир Журавель осыған дейін бресттік «Динамо» командасын басқарып, ол қызметінен 2017-ші жылдың желтоқсанында кеткен. Оның басқаруымен өткен маусымда команда Белорус Кубогын жеңіп алып, соңғы 25 жылда үздік нәтиже көрсеткен.
- Өткен маусымда мен «Динамо-Брест» футбол клубында жұмыс істедім. Біз төртінші орынды жеңіп алып, он жылдық үзілістен соң Беларус Кубогын алдық. Команда бұрыннан осындай нәтижелерге қол жеткізбеген еді. Белгілі бір жайттарға байланысты маусым соңында бізге қоштасуға тура келді. Мен бұрыннан өзімнің спорттық өміріме өзгерістер енгізгім келген еді. Мен үшін «Шахтер» - жаңа белес, жаңа жұмыс және жаңа шыңды бағындыруға шақыру, мен оны қуана қабылдадым, - деді Владимир Журавель.
Ол Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа оған артқан сенімі үшін алғысын білдіріп, жанкүйерлердің үмітін ақтауға уәде берді.
Жаңа бас жаттықтырушысымен «Шахтер» Түркиядағы Анталия қаласындағы осы жылғы бірінші оқу-жаттығу жиынына аттанды. Жиын 9-шы қаңтарда басталып 29-шы қаңтарға дейін жалғасады.
«Шахтер» ФК жаңа директоры Әлібек Урузғалиев осыған дейін қаржылық аудит және бизнес саласында жұмыс істеген. Жоғарғы білімін Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында алған.
- Биылғы жылы «Шахтер» өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл оқиға бізге екі есе жауапкершілікті арттырады. Осы маусымда алға қойған мақсаттарды орындау үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін боламыз, - деді баспасөз мәслихаты барысында клубтың жаңа менеджері.
Владимир Журавель 1971-ші жылы Семейде дүниеге келген. Мозыр футболының тәрбиеленушісі.
Минск «Динамосының», израильдік «Хапоэль», сочилік «Жемчужина», смоленскілік «Кристалл», белорустік «Дариду» және «Торпедо» құрамында ойнаған. Белорус құрамасының құрамында 11 матч ойнаған. 2005-ші жылдан бастап жаттықтырушы қызметін атқарып келеді.
Ол алты дүркін Белорус чемпионы және Белорус Кубогының екі дүркін иегері атанған, сонымен қатар Израиль кубогының жеңімпазы. Жаттықтырушы ретінде – Белорусия чемпионатының бес дүркін күміс жүлдегері және Белорус Кубогының иегері.