Сочиге әуе рейстері ашылады

Сочиге әуе рейстері ашылады

Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан – Сочи бағытында аптасына 1 рейс, сенбі күндері ұшуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ 2022 жылғы 18 қаңтардан бастап Алматы – Сочи бағытында аптасына 1 рейс Б737/А321 әуе кемелерімен ұша бастайды.

Рейстер санын одан әрі арттыру эпидемиологиялық жағдайға және ҚР ведомствоаралық комиссиясы мен РФ жедел штабының тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі