
Қаңтардың 10-да сағат 15.00-де «Достық үйі» ғимаратында (Шахтерлар даңғылы - 64) Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Жалғасбай Жақаевтың кезекті халықпен есептік кездесуі өтеді. Кездесуге сонымен қатар облыс және қала әкімдігі, облыс маслихаты және тағы да басқа мүдделі ведомствалардың өкілдері қатысады. Қала және облыс тұрғындары Жергілікті полиция қызметіне қатысты барлық сұрақтар, оның ішінде Жергілікті полиция қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар, проблемалы мәселелер бойынша тікелей облыстың ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығына аталған есептік кездесуде сауалдарын қоя алады.