Қарағандылық йогалар қайырымдылық марафонын өткізді

Қарағандылық йогалар қайырымдылық марафонын өткізді

Жаңа жыл қарсаңында Қарағандыда үш күндік йога марафоны өтті. Шараның 11 ұйымдастырушысы 240 мың теңге жинап, қайырымдылыққа бағыттады.

Марафонға 20 адам қатысты. Ұйымдастырушылардың достары басқа қалаларда да осы игі бастамаға қолдау көрсетті.

– Грузияда жарты жылдан бері саяхаттап жүрген Катя мен Саша бізге 30 мың теңге жіберді. Олар біздің марафонға ментальді түрде қатысып жатқандарын айтып, қалжыңдады, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Дамир Кәрімов. - Тағы бір досым Алматыда қайырымдылық тәжірибе өткізіп, бізге 30 мың теңге жіберді.

Ақшалай көмекті үш бөлікке бөлу туралы шешім қабылданды. Қарағанды облыстық Қызыл Жарты Ай мейіргерлік күтім ауруханасының қамқорлығындағыларға 66 мың теңгеге 330 жөргек сатып алынды. Оларды хосписке жақын уақытта Қазақстан йога академиясының жаңа жылдық сыйлықтарымен бірге алып келеді.

«Көмек қолы» түзету орталығына 109 600 теңге аударылды. Марафонға қатысушылар сал ауруына шалдыққан 11 жастағы Яша Воротников үшін оңалту курсын төледі. Қазіргі уақытта Яшаға көмек үшін төлемдер жалғасуда. Оған әжесімен бірге Санкт-Петербургтегі мамандандырылған ауруханаға жату үшін қаражат қажет. Онда оңалту тегін өтеді.

Қалған ақшаны марафон ұйымдастырушылары еріктілер құтқарған жануарларға жұмсады.

– Біз қарағандылық «Коткафеге» үй жануарларына арналған төрт үлкен азық пакетін сатып алдық. Ерекше кафеде жануарларға арналған аурухана мен уақытша баспана бар. Мұнда барлығы 120-дан астам мысықтар мен иттер тұрады. Бір аптаға қорек жетеді, – деді Дамир Кәрімов.