Қарағандыда су құбырындағы ірі апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қарағандыда су құбырындағы ірі апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қарағандыда су құбырындағы апаттың салдарынан қала орталығындағы көшелердің бірі суық сусыз қалды. Қазіргі таңда апатты жою жұмыстары жүргізілуде.
«6-шы қаңтарда таңертеңгі 10-да Бейбітшілік гүлзарының бойындағы (К. Станиславский атындағы театрға қарама-қарсы) диаметрі 300 мм су құбыры жарылды. Жедел түрде апаттың салдарын жою жұмыстары басталды: «Қарағанды Су» ЖШС-нің қажетті техникасымен және арнайы техникамен қамтамасыз етілген екі бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қысқы мерзімде су тарату жүйесін жабуға болмайды, сондықтан судың қысымы апаттың салдарын жою кезінде бәсеңдетілді. Су тасығыш көліктермен су жеткізу ұйымдастырылды», - деп мәлімдеді «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз-қызметі.
Апаттың салдарын бүгінгі күннің соңына дейін жою жоспарланып отыр.
Компания уақытша ыңғайсыздықтар үшін тұтынушылардан кешірім өтінеді.
Тұтынушылар келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуларына болады:
Орталық диспетчерлік (тәулік бойы) - 8(7212)56-20-70
Сумен қамту Орталық цехінің апаттық қызметі - 8(7212)56-21-93.