
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы 28 желтоқсанда «Құрыш майталмандары» кітабының тұсаукесерін өткізеді. Бұл «Теміртаулықтардың өмірінен алынған оқиғалар. Қалалықтар» атты музейлік кітаптар сериясының төртінші томы. Басылым «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында шығарылды.

Кітапта теміртаулықтар – металлургтер, Қазақстанның қара металлургиясының бастауында тұрған алғашқы болат қорытушылар мен прокатшылар туралы баяндалады.
Басылымда ұсынылған материалдар ҚазКСРО-дағы алғашқы қара металлургия кәсіпорны – Қазақ металлургия зауытының (1944–1996 жж.) тарихын көрсетеді. Кейін ол Қарағанды металлургия комбинатының құрамына кірді. Қазір ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамына кіреді.
Кітапқа алғашқы металлургтер – Социалистік Еңбек Ерлері Алтынбек Дәрібаев, Елеман Байғазиев және Мәжікен Мүслімов, Еңбек Ері Арғын Жүнісов, Қазақстанның еңбек сіңірген металлургтері Сұлтан Кәкенов, Мағау Ыбыраев және т.б. қатысты фотосуреттер мен деректі материалдар енгізілген.
Іс-шара сағат 14:00-де басталады.
Анықтама телефоны: (8-7213) 93-19-05.